Astana Business Campus

Ғылым мен бизнеске арналған инновациялық платформасы.

Astana Business Campus

«Astana Business Campus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - Қазақстанның астанасы Астанадағы «Назарбаев университеті» тобының құрамында инновациялық іскерлік және ғылыми платформа жасау мақсатында құрылған компания болып табылады.

Компанияның қызметінің ағымдағы негізгі түрлері мыналар:

Біз өзімізді «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 63-қадамын жүзеге асыра отырып, инфрақұрылым мен қызметтерді құру және қолдау, білім мен ғылымның бизнес және технологиялармен өнімді байланысын нығайту саласындағы, Назарбаев Университеті тобын одан әрі дамытудың негізгі серіктесі ретінде көреміз.

Назарбаев Университетінің «Астана Бизнес Кампусында» бірлескен ғылыми жобалар мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, сондай-ақ оларды одан әрі коммерцияландыруға арналған ғылыми орталықтар мен зертханалар орналасады. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін, инновациялық технологиялар паркі, жергілікті және шетелдік жоғары технологиялық компанияларды тартады.

Біз кеңес берумен және қаржымен қолдау көрсетеміз. Біз жоғары табысты, инфрақұрылымдық, цифрлық бизнестерге, соның ішінде инновациялық бизнесті жүзеге асыратын жергілікті және жетекші шетелдік компаниялармен бірлесіп қатысамыз.

Компания өз пайымдауын жүзеге асыру мақсатында, «Назарбаев Университеті – жоғары дамыған жұмсақ инфрақұрылым Назарбаев Университетінің Астана Бизнес Кампусы – Әлеуметтік даму қоры» қосылған платформасында бизнес, ғылым және технология арасындағы өнімді байланысты нығайтуға айтарлықтай ауқымды үлес қосады. Бұл бизнес, ғылым және технология өкілдерінің Қазақстандағы бизнестің, ғылымның, технологияның және білімнің практикалық шешімдеріне, құндылықтарына, артықшылықтарына, бәсекеге қабілеттілігі мен нәтижелеріне өзара ықпалын тигізеді.

Компания кірісі төмен кәсіпорындарды инвестициядан арылтады, жоғары кірісті кәсіпорындарды анықтайды және оларға назар аударады.

Компания кеңеспен қамтамасыз етеді, гранттар береді, инвестициялайды, жергілікті және шетелдік компанияларға қатысады, сонымен қатар олар үшін теріс нәтижелердің жеке тәуекелдерін азайту және қызмет түрлеріне мамандану мақсатында еншілес компанияларды, соның ішінде АХҚО-да, Алматыда, шетелде еншілес компанияларды құрады.

Компания ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық кәсіпорындарды құру және дамыту үшін сандық шешімдерді әзірлейді және енгізеді.

Компания құрылысқа тапсырыс беріп, жылжымайтын мүлік нысандарын, оның ішінде сату және жалға беруді басқарады.

01

Білімді қажет ететін экономика, біздің компания үшін үлкен құндылық болып табылады, ол Қазақстанның ұзақ мерзімді перспективадағы тұрақты экономикалық өсуі үшін драйвер қызметін атқарады. Оның қалыптасуы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 63-қадамында көрсетілген. Бұл жерде Назарбаев Университетінің «Астана Бизнес Кампусы» кешеніне ғылыми-зерттеу және дамыту орталықтарының хабы рөлінің жүктелгенін байқауға болады.

02

Білім мен ғылымның бизнес және технологиямен өнімді байланысын нығайтуға нарықтық көзқарас біздің компания үшін құндылық болып табылады. Бұл жалға алу төлемдері мен ақылы қызметтерді ұсыну арқылы, қаржылық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз етуге және органикалық өсуге мүмкіндік береді.

03

Назарбаев Университетінің Astana Business Campus Ғылыми Паркі, білім, бизнес, ғылым және технологияның өзара әрекеттесуіне арналған инфрақұрылым және сервистік хаб ретінде біздің құндылығымыз болып табылады, ол білімді қажет ететін экономиканы қалыптастыру алаңы ретінде қызмет етеді.

04

Цифрлық, жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін компаниялардың, соның ішінде Назарбаев Университеті тобымен, басқа ғылыми топтармен өзара тиімді ынтымақтастығы компанияның инновациялық кластер табысының негізгі факторы ретіндегі құндылығы болып табылады.

05

Әлеуметтік даму қорымен және Назарбаев Университетімен ынтымақтастық құндылық болып табылады, ол барлық мүдделі тараптарға олардың синергиясынан пайда алуға мүмкіндік береді.

06

Транспаренттілік, ашықтық, инновацияларға ұмтылу, қызметті цифрландыру, жеке құзыреттердің өсуі, JAS VENTURES, Astana Business Campus брендтері, тұтынушыларға берілетін нәтиженің жоғары сапасы, кәсібилік, халықаралық стандарттарға сәйкестік және зияткерлік меншікті құру, компанияның айрықша құзыреттері мен резиденттердің басым қызметі, ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылық пен өсу біздің компаниямыздың ішкі құндылықтары болып табылады.

Astana-Business-Campus-2.jpg

Astana Business Campus

Соңғы жарияланымдар

Ақпараттық Хабарлама

«Astana Business Campus» ЖШС ынтымақтастық және перспективалық жобаларды іріктеу және оларға шағын гранттар, акселерация, ерте кезеңдегі бизнес-періштелік және венчурлық қаржыландыру …

ABC брендін дамыту

«ABC» және «Astana Business Campus» атаулары Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiндегі №65632 и №68465 тіркеу нөмірлерімен тауар таңба ретінде …

2020 жылдың 11-14 ақпанында Амстердам қ. (Нидерланд) ұйымдастырылған Integrated System Europe (ISE) 2020 көрмесіне Astana Business Campus тобы қатысты. Көрменің …